Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне байланысты Таразда іс-шаралар өтті

Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай Таразда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен 10 аудан мен Тараз қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық орталықтары құрал-жабдықпен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында алғаш рет спартакиада ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі 7922 бала бар. Мамандар олардың қатары жыл санап артып жатқанын айтуда. Мәселен былтыр өңірде аутистік спекторы бұзылған 417 жеткіншек болса, биыл 607 ге жеткен. Ал, ерекше балаларға өңірде 12 түзету кабинеті, 6  медициналық-педагогикалық консультациялары мен оңалту орталығы қызмет көрсетеді. Мекемелерде бұған дейін арнайы құрылғылар аз болатын. Бүгін мереке қарсаңында мәселе шешіліп отыр. Облыс әкімдігі барлық орталыққа демеушілер есебінен 100 млн теңгенің кешенін сыйлады.  Бұған дейін арнайы орталықтарға 5 автокөлік берілген болатын. 

Нәбира Сүйманова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Кабинетке қойылып отырған монтессори кешені. Бұл өзі үлкен 5 бөліктен тұратын кешен. Бұл осы именно осы монтесорримен жұмыс жасау үшін, бізге қазір Астанадан арнайы маман келіп. Біздегі осы кппк-ларда отырған 26 маманды оқытып жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесіне орай өңірде алғаш рет облыстық спартакиада өтті. Оған 100 ден аса қатысушы келген. Олар қол күресінде күш сынап, дартс атып тартысқа түсті. Тоғызқұмалақ пен дойбы ойнап жарысты. 

Саттар Бейсембаев, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы:

- Тірек қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті, есту қабілеті зақымданған және ақыл есі кем спортшылар қатысуда. Біз бұндай көп спортшы қатысады деп ойлаған жоқпыз.  

Толағай Шымболатов, қала тұрғыны:

Жылда осындай организовать етіп тұрса. Мүмкіндігі шектеулі жанжар арасында осындай жарыстар. Кішкене өмірге деген көзқарастарын арттырады. Көзі ашылады. Қоғаммен тығыз байланыстады.

Спорт басқармасы, жарыста жеңіске жетіп көзге түскен спортшылар облыстық құрамаға ілігуге мүмкіндігі бар дейді. Жалпы аймақта 3 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі тұрғын спортпен жүйелі түрде айналысады.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә