Тұрақтандыру қорлары жұмысында 3 кезеңдік жаңа тәсілдер қолданылады

Тұрақтандыру қорлары жұмысында 3 кезеңдік жаңа тәсілдер қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл азық-түлік инфляциясына қант пен жеміс-жидек және көкөніс өнімдері бағасының күрт өсуі әсер етті. Жаңа тәсілдер, маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын бірден қымбаттатпай, келесі маусымға дайындық кезінде негізгі азық-түлік өндірушілеріне қолжетімді қаржы бөлу мақсатында қолданылады. Тиісті ұсыныс Азық-түлік бағасы мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Жедел шараларда делдалдарды анықтау және баға тізбегін талдау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы әлі де нәтижесіз. Жиында бұл мәселе де талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, өңірлік комиссиялар өздерінің негізгі функцияларын орындамайды, дәл осы кезде жедел және уақытылы жұмыс істеу қажет.