Екібастұзға бүгін 11 үйге жылу беріледі

Бүгін Екібастұзға күн соңына толық жылу беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңғы 08:00 ақпаратқа сүйенсек, қалған 11 үйдің жылу желілері жөнделіп жатыр. Қаланы жылуға қосу жұмыстары түні бойы жүргізілді. Мәселен Сәтбаев көшесіндегі 8-ші үйдің жертөлесінің жылу жүйесі қалпына келтірілді. Одан кейін қатып қалған батареялар ауыстырылды. Кәріз жүйесі тазартылды. Жұмыс мұнымен бітпейді. Ортақ іске құтқарушылар да тартылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының 25% Екібастұзда жүр. Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды облыстарының әскери бөлімдері көмекке келді. Үйлер жылуға қосылғанымен бірден жылынып кетпейді. Сондықтан коммуналдық апаттан зардап шеккен адамдарды қалың көрпемен, жылытқыш құралдармен қамтамасыз ету әлі де өзекті.      

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басшысы:      

- 36 адам содан кейін вахтовка 12 келді және де басқа мына жылытатын пушка деген болады сондай алып келді. Агрегаттар алып келді. Софиттер алып келді оның барлығы бізде енді былай айтқанда апатқа түскен үйлер көп, соның барлығын жылыту және жөндейтін жұмыстарды өткізу үшін сол күштер келіп отыр.

Мамандар қазір көпқабатты тұрғын үйлерді аралап жүр. Пәтер иелерімен кездесіп жарылған жылытқыштардың санын анықтайды. Кейбір үйлерде жарық сөніп қалған, ал бұл құбырларды дәнекерлеуге қол-байлау. Жедел штаб таратқан мәліметке сүйенсек бүгін түнде коммуналдық апаттан зардап шеккен тұрғын үйлерде 600 батарея ауыстырылды. Сол үшін Астанадан арнайы дәнекерлеуші бригадалары келіп жатыр.

Сондай-ақ...