Екібастұзда 11 тұрғын үйге жылу беру жұмысы жалғасуда

Екібастұздағы ахуал Үкімет басшысының жіті бақылауында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлихан Смайылов өзінің апат орнында жүрген орынбасары Роман Склярмен телефон арқылы сөйлесіп, қазіргі жағдайды талқылады. Вице-премьердің мәліметінше, қазір қаладағы 11 тұрғын үйге жылу беру жұмысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар радиаторлар ауыстырылуда. Кешке дейін пәтерлерге жылу беріле бастайды.

Қазір жөндеу жұмыстарына 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Мамандар тәулік бойы еңбек етуде. Қалаға жылу толығымен беріл-мейінше жұмысқа тартылған бірде-бір ұйым, ол жерден кетпейді – деді, Роман Скляр.

Ал Үкімет басшысы бір апта бойы бүрсең қағып отырған тұрғындарға жылуды тезірек беруді тапсырды.