Екібастұз қалыпты өмірге орала бастады. LIVE

Екібастұздағы көп қабатты үйлер жылуға қосылып, тұрғындар қалыпты өмірге қайта оралып жатыр.

Қақаған аязда сегіз күн бойы жылусыз отырған халықтың қазіргі жай-күйі қандай?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Екібастұздағы коммуналдық апат салдарын жою жұмыстары аяқталып келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек 51 көпқабатты үйге толық жылу берілді. Ал 21 үйде ішкі жылумен қамту желілерін жөндеп жатыр. Біз сегіз күн бойы жылусыз отырған тұрғындардың үйіне барып, жағдайларын өз ауыздарынан естіп келдік.       

Нина Бибикова, зейнеткер:            

- Мен бұл үйде 35 жылдан бері тұрамын. Бірінші рет осындай жағдайға тап болдым. Қазіргі пәтер иелері кооперативіне көңілім толмайды. Осы күндері бізге бір ғана слесарь берді. Қалған жұмысты басқа кәсіп иелері яғни осы үйде тұратын азаматтар өздері атқарды. Біз бұл сынаққа қасқайып қарсы тұрдық. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Нина Бибикованың үйіндегі температура соңғы күндері 4 градусқа төмендеген. Қарапайым тұрғындар қиын кезеңде төзімділік танытты. Қиындықтар артта қалды деуге болады. Ал коммуналдық апат салдарын қалпына келтіруге 800-дей адам жұмылдырылған. Сырттағы жұмыстарды аяқтаған олар ішкі инженерлік желілерді реттеу үстінде. Біз бұл ақпаратты әлі де толықтыратын боламыз. Өйткені көпқабатты үйлер  жылуға қосылғанымен жекеменшік секторда әлі атқарылатын жұмыс көп. 

Сондай-ақ...