Ақтауда ыстық су беру уақытша тоқтатылды

Кейбір ықшам ауданда кешегі түннен бері жоқ.

Бүгін әлеуметтік желіде қала бойынша ыстық судың шамадан тыс пайдаланылуына байланысты тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды. Смс-хабарламада резервуарларда көлемді қажетті деңгейде ұстап, тұрғындарға үздіксіз тіршілік нәрін беру және жылу жүйелері, қалыпты жұмыс істеуі үшін көп пәтерлі үйлерге уақытша ыстық су берілмейтіні жазылған. Қажетті көлем жиналған соң көп кідірмей қайта қосылуы тиіс. Айта кетсек, Ақтауды жылу және сумен "МАЭК" энергетикалық комбинаты қамтамасыз етеді.