Депутат: АЕК-тен бас тарту керек

Елде айлық есептік көрсеткіш есебінен бас тарту қажет.

Бүгін осындай ұсынысты мәжіліс депутаты Жәмилә Нұр-манбетова көтерді. Өйткені қазір әлеуметтік төлем жасаудың ескі параметрлері қолданылуда. Енді депутаттар айлық есептік көрсеткішті ең төменгі күнкөріс деңгейімен немесе ең төменгі жалақымен байланыстыру қажет деп отыр. Кейін осыған сүйене отырып, әлеуметтік төлемдердің қорытындысын шығару керек – дейді, халық қалаулысы.

Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әлеуметтік параметрлерді анықтаудың мардымды әдістерінің болмауы алаңдаушылық туғызады. Осылайша ең төменгі күнкөріс деңгейі шындыққа сай келмейді. Биыл 10 айдың ішінде азық-түлік инфляциясы шамамен 20%-ға жетті. Яғни зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеу үшін алынған ең төменгі күнкөріс деңгейі...азаматтарды қажетті әлеуметтік төлемдермен қамтуға мүмкіндік бермейді.