Қарағандыда Н.Әбдіровтың 80 жылдығына арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

Қарағандыда Еркін күрес және Грек-Рим күресінен 54-ші халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 күндік дода Нұркен Әбдіровтың ерлігінің 80 жылдығына арналған. Оған Қазақстанның барлық өңірінен өзге Қырғызстан, Грузия және Еуропа елдерінен 600-ге жуық спортшы келді. Турнирдің жүлде қоры - 25 млн теңге. Жарыс аясында, даңқты қазақ батырының ескерткішіне арнайы гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды. Оған Талғат Бигельдинов атындағы әскери мектеп ұландары мен олимпиадалық резервтегі мектеп оқушылары, батырдың ұрпақтары қатысты. Жарыстың басты мақсаты, даңқты батырды халықаралық дәрежеде дәріптеу.

Саржан Жақсыбеков, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Өзіміз де жас болғанда күрестік осы турнирда, жеңімпазы болдық. Нұркен Әбдіровтың анасын көріп, сол кісінің қолынан сыйлық алғанбыз. Осы турнир арқасында өстік, бапкер болдым. Шетелден келген талайы біледі осы турнирды, бұрынғы СССР-ден келгендер, қазір шетелден келгендер түгелі біледі біздің батырымызды.