loader


Ядролық сынақтан зардап шеккендерді қолдау

Семейлік белсенділер ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа заңын қабылдау үшін Үкіметтік комиссия құруды сұрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, қолайсыз экологиялық аймақтың тұрғындары қамқорлықтан жұрдай. Мәселен, мүгедектер өз ақшасына емделіп, 12 мүшесі сау адамдармен теңдей жұмыс істеуге мәжбүр. Бұрынғы Семей ядролық полигонының адамдары үшін жалғыз жеңілдік – тек экологиялық демалыс. Олардың мәселелерін жақында ғана құрылған «Полигон 21» комитеті көтеріп жүр. Қоғамдық ұйым мүшелері үкіметтен экологиялық аймаққа ерекше көңіл бөлінсе екен дейді. Ресми мәлімет бойынша ядролық сынақтардан 1,5 млн аса адам зардап шеккен.   

Дмитрий Веселов, қала тұрғыны:

- Мен толыққанды өмір сүре алмаймын. Өйткені әр үш – үш жарым сағат сайын мойын бұлшық еттерімді босаңсытуым керек. Былайша айтқанда, демалып жатамын. Сондықтан да мені жұмысқа алғылары келмейді.

Майра Әбенова, «Полигон 21» комитеті ҚБ атқарушы директоры:

- Олардың мәселесі әлі де өзекті. Бүгінгі күнге дейін бұл аймақтың тұрғындарына 118 мемлекет көмек қолын созуға ниет білдірді. Оны неге пайдаланбайбыз? 30 жылдың ішінде заңның да берекесі кетті. Сондықтан жаңа заңның қабылдануын сұраймыз.

Сондай-ақ...