loader


Балық шаруашылығына әкімдіктерден қолдау керек – Экология министрі

Балық аулаумен кәсіби түрде айналысатын кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығы 70% төмендейді. Бұл туралы Үкіметте Экология министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберілген. Биыл 10 айда, мамандар 14 мың тоннадан астам балық өсіріпті. Бұл ретте Алматы, Қарағанды және Атырау облыстары бойынша инди-каторлардан ауытқу бар.

Жалпы, бағдарламадан тыс қалмау үшін әкімдіктер бизнес субъектілерінің бастамаларын қолдауды күшейтуі қажет. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету маңызды.

Биыл әкімдіктерден субсидиялауға 401 млн теңге қарастырылған. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін әкімдіктер жыл сайын тиісті көлемде қаражат бөлуі қажет, - деді Серікқали Брекешев.

Елімізде балық өсіру субъектілері 280-ге жеткен. Қазір мыңнан астам жаңа шаруашылық құру жоспарланып отыр. Оның 47-сі ірі бизнес түрі, ал инвестицияның жалпы көлемі - 150 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ...