Елімізде 675 нысан жекешелендіріледі

Жыл соңына дейін кешенді жоспардағы нысандардың 80% сауда-саттыққа шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік меншіктегі және квази-мемлекеттік сектордағы 675 нысан жекешелендіріледі. Оған республикалық меншіктегі 7 ғимарат, коммуналдық 250 нысан, ұлттық холдингтер мен компаниялардың 262 ғимараты мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 156 объектісі кіреді.

Мемлекеттік мүліктің веб-порталында әрбір нысанды сатуға шығару мерзімдері көрсетілген жол картасы жарияланды. Ол баршаға қолжетімді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Сондай-ақ...