Қазақстанда күріш тапшы емес

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, қазір қорда 257 мың тонна өнім жиналған.

Бір жылда азаматтарымыз оның 97 мың тоннасын тұтынады. Яғни біздің ел қалған күрішті экспортқа да шығара алады, деді ведомство басшысы. Негізінен отандық күрішті Ресей Федерациясы сатып алады. Бірақ көрші мемлекеттің кәсіпкерлері жарманың тек ұнтақталған түріне ғана қызығушылық танытады. Сол себепті алдағы уақытта нарықта күріш жетпей қалады деп алаңдаудың қажеті жоқ, деді министр. Айта кетерлігі қазір күріш өндірушілері өнімнің бір келісін шамамен 256 теңгеден саудалап жатыр. Ал дүкендердегі бағасы 390 теңге шамасында.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Яғни өзімізде бар қор сол тұтыну көлемінен 3 есе артып отыр. 9 айдың қортындысы бойынша шет елдер экспорты 70 мың тонна болды. Оның басым бөлігі 40 мың тоннасы ұнтақталған күріш. 60-80 проценті РФ бізден экспорттайды. Сыраны жасайды. Өзіміздегі бар көлем жеткілікті экспортқа да. Экспорттауға жағдайымыз бар.

Сондай-ақ...