Ұлтаралық кикілжіңдерді өздері шешеді – Медиация

Енді жергілікті атқарушы органдар өз аумағындағы ұлтаралық кикілжіңдіңдерді өздері шешпек.

Себебі олар биыл бітімгерлік саласында білімін арттырды. Нақтырақ айтқанда, бұл қатарда 500-дей ауыл әкімі мен учаскелік полицей және мектеп басшысының орынбасары бар. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесіндегілер күш салып отыр. Мұндағы басты мақсат ұлтараздық мәселелерді ушықтырмай, ымыраға келе отырып, жергілікті жерлерде шешуге баулу. Бүгінгі отырыста осы және өзгеде мәселелер қозғалып, этномедиация институтының жұмысы қорытындыланды.

Ғалым Шойкин, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:

- Әрине олар тек ғана бастапқы ақпаратты алды. Олар жалпы өздерінің жұмыстарында пайдалануға болатын ақпарат. Ал енді біздің келесі мақсатымыз солардың арасынан ең білімді азаматтардлы таңдап алып, республика деңгейінде оқытып, арнайы осындай мамандандырылған пул жасау. Олар халықаралық тәжірбиені зерттейді, ғылыми тұрғыдан ақпараттар алады.