Ақтөбеде коммуналдық желілердің 54% әбден ескірген

Ақтөбеде коммуналдық желілердің 54 проценті әбден ескірген. 

Қазір мамандар жылу қазандықтары мен құбырларды тексеріп жатыр. Облыс орталығында 262 шақырым желі болса, оның 144 шақырымын  жаңарту керек. Ал моноқалаларда бұл көрсеткіш 20 проценті құрайды. Биыл жергілікті бюджет және коммуналдық мекемелердің есебінен 13 қазандық жөнделіп, небәрі 2 шақырым құбыр жаңартылған. Оған шамамен 500 млн теңге қаржы жұмсалды. Сондай-ақ әлеуметтік мекемелерге қыс мезгіліне 33 мың тонна көмір мен 1800 тонна дизель отыны сатып алынған. 

Нұрберген Бекеев, облыстық энергетика ЖӘНЕ ТҮКШ бөлім басшысы:

- Нақты тозып, шіріп бітіп тұрған жері жоқ. Әзірге жұмыс істей алады. Бірақ белгілі уақыттан кейін кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуналдық мекемелердің инвестициялық бағдарламалары бар өздерінің бекітілген бірнеше жылға. Солардың аясында жүргізіледі. Жалпы алдағы 2021-25 жылдар бесжылдығына 2,5 млрд теңгеге реконструкция жүргізіледі.