Алматыда 9 жастағы қыз табылмай жатыр

Алматыда полиция 9 жастағы қызды іздестіруде.

Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйінен Түрксіб ауданындағы мектепке шыққан. Бірақ полицияның хабарлауынша онда жетпеген. Айша арық денелі, шашы қара түсті. Үстіне қызғылт күртеше, юбка мен қара етік және ақ қалпақ киген. Сөмкесінің түсі қызыл. Жоғалған қызды іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер жұмылдырылған. Полиция жеткіншек жайында қандай да бір ақпарат болса, тез арада хабарлауды сұрайды.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауын сұрайды:

298-54-02;  8-702-730-07-08 немесе 102