«Еңбек жолы» байқауының қорытындысы жарияланды

Елордада үздік жұмысшылар марапатталды.

Бүгін "Еңбек жолы" республикалық байқауының қорытындысы жарияланып, ерекшеленгендер қошеметке бөленді. Биыл байқауға 500-ден астам өтінім келіп түскен. Республикалық комиссия басым түскен 9 лауреатты анықтады. Мамандар "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің үздік жас қызметкерлері" мен "Жастардың үздік тәлімгері" аталымдары бойынша марапатталды. Сүбелі еңбегімен дараланғандардың бірі Семей магистральдік желі бөлімшесінің қызметкері Құралай Маликриян. Ол "Үздік еңбек әулеті" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл әулеттің темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі 589 жыл.

Құралай Маликриян, "Үздік еңбек әулеті" аталымының лауреаты:

- Бүгінгі таңда төртінші буын жұмыс жасап жатырмыз. Енді бір отбасыдан 20-дан артық адам осы темір жолда қызмет жасап жүрміз. Басты мақсатымыз жол қауіпсіздігін сақтау. Бізге дейін Түркісібті қалаушы, салысқан біздің аталарымыз ағайынды, әкеміздің әкелері. Одан кейін әкелеріміз, оның ағайындары қазіргі таңда 3 атадан тараған әулет қызмет жасаймыз осы темір жол саласында.

Сондай-ақ...