Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп пен тағы бір көшенің жылуын келтіру қиындап тұр

Екібастұзда әлі де бірінеше үйде жылу жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандардың айтуынша Сәтпаев пен Мәшһүр Жүсіп мекен-жайындағы екі тұрғын үй кешендерінде қиындықтар туындап отыр. Бұл көппәтерлі үйлердің ішкі жылу жүйесі қатып қалғандықтан толықтай ауыстыруға тура келген. Бұдан бөлек су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына күш салып жатыр. Қазірге дейін 28 үйдің 8-де су құбырлары қалыпқа келтірілді. Қалған үйлер бойынша жұмыстар жүріп жатыр.