Тараздағы орталық жылына 15 мың литрге дейін донорлық қан қабылдайды

Тараздағы облыстық қан орталығы жылына 15 мың литрге дейін қан мен оның компоненттерін дайындайды.

Өңірдегі жетекші мекеме сапа стандарттарына сай келетін 19 елден әкелінген құрылғымен қамтылған. 

Радулин Азатов 7 жылдан бері тұрақты донор. Ол алғаш жолдасы жол апатына түскен кезде қан орталығына барғанын айтады. Содан бері қай қалада тұрса да үздіксіз қан тапсырады. 3 жыл бұрын Астанадан қоныс аударған азамат бірден облыстық орталыққа келген. 

Радулин Азатов, қала тұрғыны:

- 2019 да Таразға келіп тіркелдім. Содан бері 18 донация жасадым. Ол менің ойымша, адамдарға көмектесем, сондай мүмкіндігім бар. Мүмкін біреудің өмірін сақтап қалуға, солай деп ойлаймын.

Радулин секілді тұрақты донорлар көп. Мәселен 10 айда 11 мыңға жуық тұрғын қан өткізуге өтініш берген. Соның нәтижесінде орталық 14 800 доза қан компонентін емханаларға жіберді. Жалпы, облыстық қан орталығының 83 жылдық тарихы бар. 2011 жылы мекемеге медициналық көмек беру стандарттарына сай салынған жаңа ғимарат берілді. Бүгінде 26 аурухана мен 2 кардиохирургиялық клиника қан өнімін күнделікті қолданысқа алады. Мамандар екі сатыдан тұратын қан скринингі өнімнің сапалы әрі қауіпсіз болуына кепіл болады дейді. 

Айдана Бегалтаева, облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі:

- Алинити ихла аппараты дедік қой. Ол жерде бірінші этапы жүргізіледі. Инфекцияны тексереді.Ол жерде жүргізілгеннен кейін жаңа кобос деп көрсетілген екінші ПЦР аппараты, сол жерге қойылып бұл екінші этапта тағы да тексеріс жүргізіледі. Бұл яғни қандардың 100 пайыз қауіпсіз екенін дәлелдейді. Сапа стандарттарына сәйкес, сапалы, қауіпсіз, бір реттік стирильді, отандық өнімдегі гемокондармен жұмыс істейміз.

Қан орталығының мамандары тұрғындарды донор болуға шақырады. Бұл бірінші кезекте өз өмірін ұзартып, онкологиялық аурулардың алдын алады, - дейді  дәрігерлер.  Сонымен қоса бір донор 3 адамның өмірін аман алып қалуы мүмкін екенін есте сақтаған абзал. Ал қан тапсыру үшін тексеріс уақыты жарты сағат ғана. 

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Русан Ахатіллә