Швецияда дәстүрлі жарық фестивалі басталды

Швецияда дәстүрлі Нобель жарық фестивалі өтіп жатыр.

Шара шеңберінде мәртебелі марапат иегерлерінің жұмыстары жарықпен безендіріліп көрсетілуде. Стокгольмнің танымал орындарында 22 инсталляция жасалған. Мысалы, қаланың ескі алаңында "Толқынды алқапты", ал шаһар әкімшілігі ғимаратынан "қан жасушасын" тамашалауға болады. Электр энергиясын үнемдеу үшін диодты шамдар қолданылып отыр. Шара 11 желтоқсанға дейін жалғасады.