«Ауыл аманаты» жобасы Ақтөбеге жетті

«Ауыл аманаты» жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағдарлама халық табысын өсіріп, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған. Әсіресе ауыл тұрғындарына басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бетпе-бет бағдарламасында берген сұхбаты кезінде айтты. Қазір өңірде 12 ауылдық окургтің халқын 2,5% несиелендіру басталды. Оған мыңнан астам адам қатысып жатыр. Жоба нәтижесінде аймақтағы жұмыссыздықты 41% дейін төмендету көзделіп отыр.

Айта кету керек, бұл жоба алғаш рет Жамбыл облысында жүзеге асырылған болатын.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

- Жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы семьяға кредиттерді беріп жатырмыз. Бірінші рет Қазақстандағы ауылдарымызға 2,5% несие беру шешімі залогқа үйлерін қою арқылы мынандай несие беріліп жатыр. Өте төмен. Бүгінгі инфляциямен есептейтін болсақ тегіннің айналасында деуге болады. Бірақ бұл түбінде қайырымы бар ақша. Қайтарылатын ақша. Үлкен мүмкіндік.