Еліміздегі қызмет көрсету саласының 70 жылдық дамуы

Еліміздегі қызмет көрсету саласының арнайы мамандары осыдан жарты ғасыр бұрын дайындала бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы өнеркәсіптік кооперация техникумын бітірген шаштараз, гримерлер үшін сұраныс әрқашан жоғары. Бүгінде стилист, визажит деп аталатын  көзге үйреншікті болып кеткен кәсіптің тарихы 12-ғасырдан басталады. Құрылғанына 70 жыл болған оқу орнының білім беру бағдарламасы да жаңашыл. Заман көшінен қалмау үшін сұлулық шеберлері де біліктілігін арттырып отыруы керек. Өйткені, шаш үлгісі, сән үлгісі және басқа да қызмет көрсету саласы өткен ғасырмен салыстырғанда мүлдем басқаша.

Мөлдір Әбдіреева, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі директорының орынбасары:

- Бұрыңғы уақытта өте қарапайым опа-далаптың 2-3 түрі ғана болатын болса, қазіргі уақытта мысалы бояндыру сабағына, грим сабақтарына кіретін болсақ толық бокс толы заттар. Косметиканың түрі өте қарқынды дамыған және бояндыру әдістері де өте жоғары деңгейде дамыған.