Екібастұздағы зардап шеккен үйлерге жылу берілді

Екібастұздағы зардап шеккен үйлерге жылу берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Жедел штаб басшысы-Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда.

Еске салайық, қалада барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам тартылды.