Елімізде 4,5 млн адам баспанаға мұқтаж

Елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 4,5 миллионға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал алдағы 7-8 жылда олардың саны 10 млн-ға дейін артуы мүмкін. Мұны сала мамандары әлемде болып жатқан геосаяси жағдаймен және құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырады. Оның үстіне елімізде ондай материалдары өндірілмейді және импортқа тәуелді екенімізді ескерген жөн. Сондай-ақ, отырыста ипотекалық бағдарламалардың жалпы халыққа емес, тек белгілі бір әлеуметтік осал топтарға қолжетімді екені айтылды. Айта кетейік, тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша 113 елдің ішінде Қазақстан 33-орында тұр.