Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті

Ауылдарды дамытуға жастар да өз үлесін қосуды қалайды. Осы мақсатта Астанада ауыл жастарының белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және студенттік амбудсмендер бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум аясында олар елді-мекендерді дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салып, «Ауыл» партиясының жастар қанатын дамыту жайын талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұсыныстар партияның бағдарламалық құжатына енгізіледі.