«Атырау мұнай өңдеу зауыты» мемлекетке 40 миллион теңге айыппұл төлейді

Себебі ауаны шектен тыс ластаған. Аталған кемшіліктер бақылау барысында анықталды.

Бұдан бөлек, кәсіпорын 2025 жылға дейін  атмосфераны ластаушы заттардың үлесін 25%-ке дейін қысқарту бойынша міндеттеме алды. Айта кетейік, компанияның қала ауасын ластау көрсеткіші 46%-ті құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы хабарлады.

Зұлфұхар Жолдасов, «ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Осы жылы мекемеге қатысты  жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында оның төрт қондырғысында эмиссия нормативтері жүйелі түрде, яғни 3  реттен асып кету фактісі орын алды. Нәтижесінде, әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа қарау үшін жолданды. Сотпен мекеменің 4 объектісіне берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы тоқтатылды және 5,6 млн тенге көлемінде айыппұл салынды. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды.