Алматыда 1-4 сынып оқушылары арасында аспаздық байқауы өтіп жатыр

Мұнда әр мектептің балалары асханада өз қолдарымен ас әзірлейді. Ең басты талап – тағам табиғи азық-түліктен жасалуы тиіс. 

«Балаларға дұрыс тамақтану әдеттерін ерте жастан үйретсек, олар фаст-фуд сататын орындардан аулақ жүреді, бұл ата-аналардың да зиянды тағамдардан бас тартуына әсер етеді», – дейді мамандар. Аспаздар байқауы жыл соңына дейін жалғасады.

Оксана Гальцова, аспаз:

- Балалар асты өте жоғары қызығушылықпен дайындады. Құрамына қосылған азық-түліктің пайдасын да жетік біледі. Аспаздықтың басы пышақты дұрыс ұстаудан басталады. Тағам дайындау барысында балалардың ептілігін байқадық. Солақай қыздарымыз да сыннан сүрінбеді. Ең бастысы олар пайдалы және зиян тағамдар туралы ақпарат алды.

Әнел Мұратбек, оқушы:

- Біз достармен жақсы тағамды жейміз. Біз чипсы және газдалған сусындарды жемейміз, ішпейміз.