Елімізде кәсіпкерлік гранттарға сұраныс артты

Ерекше балаларға арналған орталықта ерекше көңіл күй. Мұнда бейтарап жүрген баланы аз көресің.

Өйткені бәрі әр бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындап әлек. Сырттай балабақшада жүргендей көрінеді. Бірақ бұл – коорекциялық дамыту орталығы. Мұнда аутизмі бар, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті дұрыс жетілмеген балаларға көмек көрсетеді.

Татьяна Куснутдинова, Коррекциялық дамыту орталығының басшысы:

- Бизнес бастау арқылы 5 млн теңге грант ұтып, биоакустикалық коррекция аппаратын сатып алдым. Ол балалардың жүйке жүйесін жақсартуға жұмыс істейді. Соның арқасында осындай орталық аштым. Бізге 2,5 жастан бастап мектеп жасына дейінгі балалар келеді. Мұнда деффектолог, логопед мамандар бар.

Орталық өткен жылы ашылған. Осы аралықта мұнда мыңға жуық ерекше бала түрлі терапиялардан өткен. Жалпы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 5 млн теңгеге дейін грант беріледі.

Қуаныш Сапаров, қала әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекеттік гранттар бөлу аясында 135 жоба қолдау тапты. Оның ішінде балабақша ашу, коррекциялық орталықтар, ашу басқа да жобалар бар. Осы гранттарға кәсіпкерлер арасында сұраныс көп. Биылғы жылға түскен өтінімдер өткен жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Осыған байланысты әкімдік бюджетті екі есеге ұлғайтты. 

Бұл бағдарлама бойынша 135 жобаға қаражат берілген. Соның ішінде 29 жас кәсіпкер мен 27 әлеуметтік осал топқа жататын бизнесмен бар.

Айта кетерлігі, ұлттық жоба аясында кәсіпкерлер бір рет қайтарымсыз грант ала алады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Артур Горшняков