Өткен тәулікте 237 адамнан коронавирус анықталды

Елде коронавирус өршіп барады. Өткен тәулікте  219 адамнан коронавирус, 18 науқастан індеттің белгілері бар пневмония анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 1,5 мыңнан астам пациент ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 234 -і стационарда, 1 мың 322-сі амбулаторияда. Дертке шалдыққан 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. 8 азаматтың жағдайы ауыр. Ал 4 адамның халі мүшкіл.