Рудныйда су құбыры апатының салдарын жойып жатыр

Рудный қаласында тазартылған ағынды су құбырында болған апаттың зардабы жойылып жатыр.

Мамандар түні бойы жұмыс істеді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Күні кеше мұз қатқан ұзындығы мың метр құбыр жылытылған. Еске сала кетейік, үш күн бұрын кеншілер қаласындағы Соколов су қоймасынан Васильев буландырғышына дейін тазартылған ағынды су құбырының екі шақырымы қатып қалды. Қазір желі отпен ашық түрде  жылытылып жатыр. Болаттан жасалған құбырдың диаметрі 720 миллиметр. "Коммуналдық апат Рудный тұрғындарының өміріне еш әсер етпейді", дейді жауапты мамандар. Дәл қазір далада ауа температурасы -25 градус аязды көрсетіп тұр.