Мал баққан шаруалар жайылымға жарымай отыр

Шығыс Қазақстан облысында жайылымға деп алынып, жарамсыз болып жатқан жер көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен 5 мыңға жуық жайылым иелерінің қолында бір бас мал жоқ болып шыққан.

Айта кету керек, аталған деректер жайылымдық жерлерді пайдалану заңдылықтарына жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Ал өлкеде мал баққан шаруалар жайылымға жарымай отыр. Көпшілігі соның салдарынан шаруашылықтарын басқа бағытқа бұрып жіберсе, енді бірі жанталасып әрең дегенде қол үзбей келеді.

Шабындық аз. Жайылым тар. Мал баққан ел ұлтарақтай жерге зар. Солардың бірі Ұлан ауданында шаруашылығын дөңгелетіп отырған Сәбитовтер әулеті. Қожалық осыдан 20 жыл бұрын құрылыпты. Бастапқыда жап жақсы дамығанмен енді жағдай қиындады. Малшы 1200 бас қойды қайда барып бағарын білмейді. Құрық сермесе болды біреудің өрісіне түсіп кетеді.

Серік Сәбитов, шаруашылық өкілі:

- Айтады жер көп көп деп, сол жерді неге бермейді білмеймін. Барамыз жер жоқ, деп қоя береді. Біреудің жеріне түсіп кетеміз енді, ол кеп қуады ол қайтеді енді, бізге кеп түссе біз де қуамыз оның хозяйствасын, жер тар.

Соның салдарынан маңайда шаруа қожалықтары азайды. Жайылым жайсыз болса малдан күй кетеді. «Атап бассаң ана жер ананыкі, мына жер мынаныкі болып шығады. Бірақ жайылып жүрген мал көрмейсің», - дейді малшылар. Сөйтіп табынның күре жол бойына шығып кететін кезі де аз емес.

Мәди Шайықов, шаруашылық жетекшісі:

- Жайылым аз болса тебін​ шөп жоқ, жейтін жоқ, содан кейін міне трасса жақын трасса маңында жүр.

Мал өсірушілер осылай зар илеп отырса, өлкеде мүлдем иесіз жатқан жайылымдық жерлер көп болып шықты. Тек қана Ұлан және Глубокое ауданында 261 адамға рәсімделген 22 мың гектар жер бар. Иелерінің бәрі өмірден өтіп кеткен. Енді әрі қарай ол жайылымдарды кім қолданып жатыр? Ол жағы беймәлім. Бұл аз десеңіз заңға қайшы болса да, шет ел азаматының​ меншігіндегі учаскелер де бар екен.

Архат Бейсенбаев, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы:

- Біз тексеру жүргізген бір ауданнан ғана 99 жер учаскесі қазіргі уақытта өз азаматтығын жоғалтқан немесе​ басқа мемлекеттің адамдарының меншігінде екені​ анықталды. Бұл бір ауданнан ғана шыққан жағдай,егер​ жалпы облыс​ көлемінде алсақ,бұдан да үлкен цифрлар​ шығатыны анық.

Жайылымдық жерді мақсатсыз пайдалану мәселесін жедел шешу жағынан Алтай ауданы көпке үлгі. Ол жақта 2046 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның 1200 гектардан астамы ​ жайылымдық жерлер.

Айгүл Құттыбаева, Алтай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қайтарып алу себебі әр түрлі. Бірінің жалға алу мерзімі​ әлдеқашан өтіп кеткен, енді бірі жерді мүлдем мақсатсыз пайдаланып жүрген. 15 жер қолданушының жайылымы болғанмен, малы жоқ екенін анықтадық. Енді олар не мал алу керек немесе жерді мемлекет меншігіне өткізу керек.

Алайда барлық аудан жер мәселесінде жеделдік танытады деуге келмейді. Бұған​​ жүргізілген мониторинг қорытындысы дәлел. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жер бойынша салалық департаментке барлық мәліметті анықтап, реттеу туралы ұсыныс хат жіберді.

Сондай-ақ...