Ақтөбе облысында тұмау белең алып тұр

Барлығы 5 мыңға жуық адам дертке шалдыққан. Олардың тең жарымы балалар. Қазір ауруханада 37 науқас ем алып жатыр.

Мамандар жұқпалы аурудың күрт өсуін тұрғындардың бейқамдығымен байланыстырып отыр. Короновирус инфекциясынан қорғану үшін таққан бетперде мен зарарсыздандыру әдіс-амалдары тұмаудың да кеңінен таралуына кедергі болған. Қоғамдық орындардағы санитарлық талаптың азаюы жедел респираторлық вирустық инфекцияның да күрт өсуіне жағдай жасап отыр. Айта кеткен жөн бүгінде Ақтөбе облысында короновирус жұқтырып, ем алып жатқандар жоқ. Ал, тұмауға қарсы 170 мыңнан астам адамға екпе егілді.

Айгүл Байбатшаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы:
Облыс бойынша біз тұмауға қарсы екпемен 20 пайызы жоспарланған. Халқымыздың осал тобы дейміз ғой. салқын тиіп жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер және диспансерлік есепте тұрған, жиі ауыратын науқастар екпеге жататын болды. Соның 94 пайызы бүгіндікке егілді.