loader


Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің көмегіне ересектерге қарағанда балалар жиі жүгінеді. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері бес мыңнан астам жеткіншек вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта 143 бала ауруханада емделіп жатыр. Өткен аптаға қарағанда науқастар саны 20%-ке азайған.  Дәрігерлер дерттің алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді. Вирустың таралуының алдын алудың тағы бір тиімді жолы – вакцина салдыру. Осы күнге дейін 90 мыңға жуық павлодарлық екпе алған.

Гүлмира Құлмағамбетова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Аймаққа аязды күндер келді. Нәтижесінде бұл фактор вирустық инфекциялардың таралуын тежеді. Алдын алу шараларының да тиімділігі мол. Осы күнге дейін облыс халқының 12% вакцина салдырды. Нәтижесінде ұжымдық иммунитет қалыптасты. Оған қоса, пандемиядан соң азаматтар арасында жеке гигиена, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және бетперде кию мәдениеті қалыптасты.

Сондай-ақ...