«Kazakh Invest» 45 жоба жасайды

Биыл «Kazakh Invest»  жалпы сомасы  $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысуымен 45 жобаны пайдалануға береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы  Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды.

Жиында алдағы 5 жылға жоспар мен  корпоративтік басқару кодексінің жобасы қаралды. Сонымен қатар отырыста соңғы 11 айда шетелдік компанияларға Қазақстанның өңірлеріне 212  іссапар ұйымдастырылғаны және компания 13 ірі инвестициялық іс-шара өткізгені туралы айтылды.