Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында заңға қайшы әрекеттерді анықтады.
Бұл туралы жыл қорытындысына арналған алқалы жиында айтылды. Салтанатты шара барысында еңбегімен көзге түскен 20-дан аса маман марапатталды. Сонымен қатар студенттер арасында жарияланған байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Айдос Жүнісов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Бүгінгі форумның ең басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес тек қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің міндеті емес, барлық қоғам мүшелерінің міндеті, құқығы екенін айтқымыз келеді.
