loader

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысын цифрлы жүйемен жетілдіреді

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысын цифрлы жүйемен жетілдіреді

Ауыл, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар енді орталықтандырылған сандық жүйе арқылы жұмысын жетілдіре алады.

Бұл бастама уақыт үнемдеуге ғана емес, кез келген қоғамдық ұйымның орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен байланысын нығайтуға мүмкіндік бермек. Оралға іс сапармен барған Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Серік Егізбаев осылай деді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің ресурстық және әлеуметтік әлеуетіне қатысты өзге де қолдау шаралары пысықталып жатқанын жеткізді. Жиын барысында вице-министр жергілікті салалық басқармалардың жұмысына баға берді.

Серік Егізбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Әрине жұмыс болғасын кемшілігі де болады, жетістігі де болады. Негізгі жұмыстың деңгейі жақсы деп айта аламын. Көптеген жақсы шешімдер, соның ішінде әкімдік деңгейінде, мемлекет деңгейінде қабылданып жатса да көптеген жастар оны білмейді әлі. Сондықтан ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек.

Сондай-ақ...