Қызылордада Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Емірен жүрек ел байрақ» атауымен Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті.

Шараға қатысқан студент жастар желтоқсаншылардың рухты әңгімелерін тыңдап, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты драмалық қойылымды көрді.

Ақын Исраил Сапарбай мен сазгер Рамазан Таймановтың шығармашылық бірлестігінен туған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнінің желтоқсан оқиғасына тікелей қатысы бар екені 20 жылдан кейін ғана белгілі болған. Ән авторы оны жасырудың өзіндік себептері бар екенін айтады. Ал туындының өзі желтоқсан қаһарманы - Ләззат Асановаға арналыпты. 

Рамазан Тайманов, сазгер:

- Исраил Сапарбаев «Желтоқсан айынан кейінгі ой» деген өлеңін тауып алып, ол кезде желтоқсан деген сөзді айтуға болмайды, біз атын «Қазақ қызы» деп атап жіберіп, сөйтіп, ән шығарып жібергенбіз. Қазақтың қыздарына деп Ләззатқа арналған әнімді мен 20 жылдай жасырып жүргенмін.

Танымдық кештің басты мақсаты осы ән арқылы желтоқсаншылардың ерлігін жастарға сезіндіру болды. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты рухнамалық қойылым арқылы өскелең буынның патриоттық сезімін оятуды көздедік,-дейді ұйымдастырушылар.  

Айдана Алтынбекова, студент

Шолпан Баймаханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы:

- Мектептерде болсын, клледждерде, Қорқыт ата атындағы университетте, «Болашақ» университетінде осындай кездесулер болып тұрады. Бүгінгі кездесудің форматы, бәрі ерекше, өзгеше, кермет кездесу болды.

Кездесуде желтоқсаншылар студенттерге естеліктерімен бөлісіп, Тәуелсіздіктің бастауында тұрған оқиғаның маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.

Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов