Шымкентте жер бедерінің көшкінге бейім 12 учаскесі анықталды

Қазір топырақты нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мәлімдеді.  Қауіпті аумақта 95 жеке тұрғын үй орналасқан. Егер жаңбыр толассыз жауса, төрт жүзге жуық адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сараптамадан соң,  Елтай, Бадам-2, Қарабастау, Сәуле, Қазығұрт шағын аудандарындағы жер телімдері тізімге алынды.  Сондай-ақ Тоғыс су қоймасына жақын орналасқан бірнеше үйге қауіп бар. 

Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД басшысы:

- Қазіргі уақытта бұл қауіпті учаскелерде қажетті шаралар атқарылды. Келесі жылы Бадам өзенінің бойындағы  аумақтарға жобалау-сметалық құжаттама дайын болады. Сөйтіп өзен арнасын нығайтып, алты бірдей аумақтың қауіпсіздік шарасы күшейтіледі.