АЛЖИР лагері тұтқындарының рухына тағзым жасалды

АЛЖИР лагерінде отырған тұтқындардың рухына тағзым жасалды.

Бұл жолы тарихи драма  тағы бір мәрте көрерменге жол тартты. Ол ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен өтті. Театр "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" жаһандық науқаны аясында қойылды. 

Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл тарихи сабақ. Бұл тарихи тағылым. Әйелдерге,аруларға дәл осындай зорлық-зомбылық жасауға ешқашан болмайтындығын бұл спектакль ескертеді. Әрбір жас көрермендердің әсіресе ер-азаматтарға әйелдерді қалай аялау керектігін. Әйелдердің көз жанарынан ешқашан жас төгілмеу керектігін бұл спектакль дәріптейді, соны насихаттайды.