Ербол Қарымсақов мемлекеттік қызметті ата кәсіпке айырбастаған

Мемлекеттік қызметті ата кәсіпке айырбастаған азамат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанай облысындағы Теңіз ауылының тұрғыны Ербол Қарымсақов мал өсірумен айналысады. Ол 7 жыл бұрын қаладағы қызметін тастап туған ауылына көшіп келген. Мұндай шешім қабылдауына оның кеңседе айлыққа қарап отырғаннан гөрі ризық-несібесін маңдай терлетіп табуға деген құлшынысы сеп болған.

Ербол Қарымсақов еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған. Мәдениет басқармасында бас маман боп істеді. Тәуекел түбі – жел қайық демекші, 2015 жылы отбасымен Теңіз ауылына көшіп келді. Қазір шаруа қожалығына жетекшілік етеді.  
Ербол Қарымсақов, шаруа:

- Өзім еңбектеніп табыс табаны жұмысты жақсы көремін. Қара жұмыс та бар, техника жүргіземін, оны да үйрендік амалсыз. Шөп тасимын, шабамын. Мал да бағамын.

Ерболдың шаруашылығында 50 сиыр, 300-дей қой бар. Кейінгі кезде мемлекеттік бағдарламаға қатысып, мал тұқымын асылдандыруға ден қойған.  Төрт түлігі үшін сұлы мен арпа егеді. Қожалықта өзінен басқа сауыншы мен бақташы бар. Бір өкініштісі бұл салаға жастардың келуі сирек. Олар мал Ербол Қарымсақов, шаруа:

- Жұмыс істеймін, ауылға көшемін дегендер болса бізге жолығуға болады. Жұмыс бар. Үй мәселесін шешеміз. Тек жұмыс істеу керек, болды.

Ерболдың жұбайы ауыл мектебінде мұғалім. Шаруашылыққа да қолқабысын тигізеді. Жас отбасы 3 бала тәрбиелеп отыр.
Ванга Қарымсақова, жұбайы:

- Ауылдан қашпау керек деп ойлаймын. Ауылды көркейту керек. Жері құнарлы. Әр ауыл өзінше киелі. Балаларымыз табиғи таза өнім жеп, жалаңаяғымен таза топырақты басып шынығып өсу үшін де ауылда тұру керек деп ойлаймын.

Теңізде 150-ге тарта үй бар. 800-ге жуық адам тұрады. Егін салып мал өсірумен айналысатын ірілі ұсақты жиырма шаруашылық жұмыс істейді.