Өскеменде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне базарлық ұйымдастырылды

Ел шығысында аяз күшейгендіктен сабақ болмайтын күндер көбейді.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері бүлдіршіндерге «серпіліс сәтін» ұйымдастырып жатыр. Мысалы, олар «Үміт» балалар үйіне арнайы барып, жеткіншектерді кинотеатрға алып шықты.  Үйде іші пысқан балалар суретке түсіп, көңіл көтеріп, тәттіге қарық болды. Кейін шытырман оқиғалы кино тамашалады. Балаларды қуантқан мұндай шара жалғасын табады дейді мамандар.

София Павлияненко, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Мен өзім шытырман оқиғалы фильмдерді қатты ұнатамын.Сондықтан бүгінгі көңіл күйім ерекше. Кинотатрға келмегелі өте көп болды,осындай қызықты сәтті ұымдастырған адамдарға алғысымды білдіремін.

Арай Көшербаева, ШҚО ҚАЖ департаменті №24 мекеменің бөлім бастығы:

- Балалардың көңіл-күйі жақсы, балалар осындай іс-шара болғанына қуанып жатыр, біздің бәр мақсатымыз балалардың көңіл күйін көтеру. Алдыда да осындай шаралар орын аларына сенімдімін. Сөзсіз осындай іс-шаралар өткізіліп отырады.