Петропавлдағы жылу электр орталығы еш кінәратсыз жұмыс істеп тұр

Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр, -дейді кәсіпорын мамандары. Биыл наурыз айында қаладағы үш мұржаның біреуі құлап, бір адам қаза тапқан болатын. Сол себепті тұрғындар осы қысты үреймен қарсы алғаны жасырын емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жылу электр орталығының өкілдері алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, қала бойынша температуралық режим сақталған. Тұрғындардың шағымы да тез арада қаралады.

Олег Перфилов, «Солқазэнерго» АҚ бас директоры:

- Бірінші аяздар ақаусыз өтті. -27 градус суықта 7 қазандық жұмыс істеп тұрды. Тағы екеуі резервте болды. Осыған қарап жылыту маусымы ойдағыдай өтеді деп отырмыз.