Қарағандыдағы бірнеше ауданда жылу мардымсыз беріліп жатыр

Негізгі магистральдардің бірінде құбыр арасындағы резеңке тығын істен шыққан.

Күн аязды болған соң жылумен жабдықтаушы мекеме ақауды жөндеуге асықпаған. Ал бүгін аяздың беті қайтып, күн жылыған соң үйлердегі жылуды ұстап тұру үшін қосымша магистральді қосып, ақау шыққан құбырды жөндеуге кірісті. Ол үшін 10 адамнан тұратын бригада мен 5 техника жұмылдырылған. Мамандар "жақын арада ескі тығын ауыстырылып, магистраль қайта іске қосылады"дейді. Кешке дейін пәтерлердегі жылу қалыпқа келеді деп сендіріп отыр.

Андрей Ляпунов, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры:

- Мамандармен бірге зерттей келе бүгінгі күн ақау шыққан құбырды жөндеуге қолайлы уақыт деп шештік. Иә, таңертең кей үйлерде қысым болмады, енді бірінде жылу температурасы төмендеді. Себебі біз магистральды ағытып, қосымша құбырлар арқылы қайта қостық. Ал негізгіні ескірген резеңке тығынын ауыстырған соң қосамыз.