СҚО-да тұмау дендеп тұр

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жаппай суық тигізіп ауырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жіті респираторлық вирустық инфекцияны 17 мыңнан аса адам жұқтырған. Қазіргі таңда 3 балабақша тобы карантинге жабылды. Мамандар науқастардың көбеюін халықтың ауруға қарсы екпе алмауымен және де күннің суытуымен байланыстырып отыр. Облыс бойынша тұмау да дендеп тұр. Соңғы 2 аптада коронавирустық инфекцияда 2,5 есеге артқан. 

Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 33% өсуі байқалады. Ең көп ауырғандар саны 14 жас аралықтағы балалар арасында. Яғни, 11 688 жағдайды құрайды. Немесе 66%.