Абай облысында жылу қазандықтары жаңартылып жатыр

Ауруханадағы тесілген батареялардың орнына шойыннан жасалған түрі қойылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахымбаеваның айтуынша, медициналық нысан 2010 жылы пайдалануға берілген кезде сапасыз радиаторлар қойылған. 2019 жылдан бері соның 120-сын а

Әсем Рахымбаева, Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Аумақ өте үлкен. 12 700 шаршы метр. Жылыту өте қиын. Жылу жүйелері сапасыз салынған. 6 шаршы метр жерге 4 радиатор болу керек болса, бізге бір радиатордан қойып берген. Қосымша радиатрлар қойып жатқан жайымыз бар.

Жаңасына ауыстырмасқа амал да жоқ. Әйтпесе аумағы ат шаптырым ғимарат суып кетеді. Мұның зардабын емделушілер тартады. Әсіресе жас босанған аналарға қиын.    

Екатерина Курбатова, Үлкен бөкен ауылының тұрғыны:

- Бөлме іші суықтау. Жылытқыш құрылғы қойды. Салқындай бастаса қосамыз. Ауданымыздағы жалғыз аурухананың жайлы әрі жылы болғанын қалаймыз.

Әрине, аурухана жылы болу үшін ғимараттың жылу жүйелерінде ақау болмағаны ләзім. Осы мақсатта биыл медициналық нысанның сыртқы жылу құбырлары ауыстырылды. Жақында бірі 400, екіншісі мың киловаттық қазандық орнатылған. Осылайша 3 қазандықтың екеуі жаңартылған. Жуықта тағы бір мың киловаттық қазандық қойылмақ. Алайда мәселе мұнымен де шешілмейтін секілді.

Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті ауданының әкімі:

- Бұл ауруханаға күрделі жөндеу қажет. Қазандықтарды, жылу жүйелерін ауыстырғанмен жылу батареялары сыр беріп жатыр. Жаңа қазандықтарға шыдас бермеуде. Сол себепті келесі жылы жылу батареяларын ауыстыруды жоспарлап отырмыз.

Салынғалы бері жөндеу көрмеген аурухана аумағында пайдаланылмай тұрған ғимараттар аз емес. Көлемі 2 мың шаршы метрден асатын нысанның бірін аудандық әкімдіктің балансына беруді жоспарлап отыр. Ал аудандық аурухананың негізгі мәселесі – күрделі жөндеу. Жергілікті әкімдіктің есебінше, нысанға толық жөндеу жүргізу үшін 600 миллион теңге қажет.

Авторлары: Азамат Қасым, Медет Өмірханов