Келер жылы балабақшадағы орын саны 2,5 есе артады

Келер жылы балабақшалардағы орын саны екі жарым есе артады.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, әр балаға мемлекеттен қаржы бөлу механизмі өзгереді. Балабақшадағы орындарды бөлу процесі ашық әрі орталықтандырылған бірыңғай кезек арқылы жүргізіледі. Ата-аналар қызметтің бұл түрін egov порталы немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы пайдалана алады. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасына сәйкес 2 жастағы бүлдіршіндерді де балабақшамен  қамтамасыз ету жоспарда бар. Министр оларды ыстық тағам беру мәселесіне де тоқталды. Алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 150 мың бүлдіршін мемлекеттік балабақшада тегін тамақтандырылады.