Екібастұздағы жағдай Қырғызстанға салмақ салды

Қырғыздан біз ғана емес, олар да бізден энергия алады.

Екібастұздағы жағдай оларға да салмақ салды. Бұл елде электр энергиясын тұтыну мөлшері тым артып кеткен. Яғни тәулігіне 79 миллион киловатт-сағат қуат пайдаланады. Былтыр желтоқсанда бұл көрсеткіш 55 миллион шамасында болған еді. Сөйтіп, елге электр энергиясы жетпей жатыр. Оның үстіне биылғы қыс суық. Қырғыз билігі жылу маусымы басталмай тұрып-ақ, билік көрші мемлекеттерден көмек сұраған. Сол бойынша Қазақстаннан бір жыл ішінде 450 миллион киловатт-сағат электр энергиясын тасымалдауға тиіс.    

Талайбек Байгазиев, Қырғызстанның ұлттық энергетикалық холдингінің төрағасы:

- Екібастұздағы жағдайға байланысты Қазақстаннан электр энергиясын тасымалдау жағы қиындап тұр. Кеше ғана көрші елдегі әріптестерімізбен сөйлестік. Олар ахуал тұрақтала бастағанын айтты. Сондықтан тасымал қайта қалпына келтірілуге тиіс. Тұрғындарды кешкі уақытта электр энергиясын үнемдеуге шақырамыз.