Әкімдіктер рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жоюы керек

Әкімдіктер барлық рұқсат етілмеген полигондарды жоюы керек.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өңір жетекшілері алдында осындай міндет қойды. Бүгін Премьер-Министр Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізіп, бірқатар тапсырма берді. Жиында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазір елде 3 мыңнан астам қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар екенін айтты. Қазір оның тек 630-ға жуығы ғана тиісті талапқа сай келеді. Бұл көрінген жерде қоқыс алаңдарының пайда болуына әкеліп отыр. Осыны айтқан Премьер-министр облыс әкімдеріне шүйлігіп, келер жылдың 1 маусымына дейін рұқсат етілмеген полигондардың барлығын жабуды міндеттеді. Ал қалған қалыпқа келтіру керек.