Елордада «Халық тану» республикалық қоғамдық байқауы аяқталды

Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 30-дан аса түрлі мамандық иелері қатысты.

Байқау шартына сәйкес, әрбір қатысушы «Қазақстанның дамуына қосқан үлесім» тақырыбында бейнебаян әзірлеп, оны әлеуметтік желіге жүктеді. Ал үздіктерді анықтау, сол бейнебаянға жиылған лүпілдердің санына байланысты болды. Жалпы барлығы 5 номинация бойынша 7 қатысушы бүгін «Халық тану» сыйлығының иегері атанды. Бұл іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ «Заңгерлік кеңесшілердің құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Зиягүл Әлібай, «Халық тану» сыйлығының иегері:

- Ол 324 деген маған ең үлкен сый, халықтың маған берген бағасы. Содан кейін әрі қарай қатысып, екі турдан жақсы өтіп, ең жоғары балменен ең танымал адам болып, жеңімпаз атанып отырмын.