Петропавлда жылу электр орталығында қондырғылар істен шықты

Петропавлда жылу электр орталығында қондырғылар істен шықты.

Бүгін тұрғындар әлеуметтік желілерде жылыту жүйесіндегі шудан кейін баспаналардың салқындап кеткеніне шағымдана бастады. Монополист компания өкілдері түнгі сағат 02:30-да стартегиялық нысандағы турбина цехында 3 желілік сорғының істен шыққандығын растады. Жауаптылар таңғы бес кезінде оны ауыстырып гидравикалық режимді қалпына келтірген. Қазір температураны көтеру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар алаңдауға еш негіз жоқ, – дейді. Себебі санаулы сағаттардан кейін жағдай толығымен реттеледі.