Қызылордада этносаралық түйіткілдер туралы ақпарат тарату кезінде этика сақтау тақырыбында семинар өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы Елена Рыбина семинар-тренингте студенттерге өз тәжірбиесімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Этносаралық түйіткілдер төңірегінде ақпарат тарату барысындағы жауапкершілік пен этика мәселелерін ойын түріндегі әдістер арқылы түсіндіруге тырыстық,-дейді білікті мамандар.   

Елена Рыбина, Журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы:

- Сонымен қатар клуб жұмысының бағыт-бағдарын айқындау. Бүгін студенттер көп ақпарат алды. Және сол ақпаратты белсенді оқыту формалары арқылы бір-бірлерімен бөлісе алды деп ойлаймын.

Қазақ елі тағдыр тәлкегіне ұшыраған сан ұлт пен ұлыстың өкілін бауырына басып, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Осынау құндылықтарымызды сақтар болсақ, ел қуаты еселенері анық. Семинар-тренигтің де негізгі идеясы осындай игі мақсаттарды көздейді,-дейді ұйымдастырушылар. 

Айбек Дайрабай, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары:

- Жалпы бүгінгі семинар-тренигтің мақсаты осы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды әдістемелік құрал ретінде біршама ақпараттарды жеткізу.

Мөлдір Жолдасбекқызы, студент:

- Топ-топқа бөліп, бір-бірімізбен идеяларымызды алмасып, өзімнің жақын топтастарыммен және мекеме жұмыскерлерімен бірге осындай шараға қатыстым. Көптеген мағлұматтар білдім.

Семинар-тренингке белсенді қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталды. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев